Cалықтық жоспарлау

Салықтық жоспарлау өз алдына ұйымды қаржылық жоспарлаудың маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады.


Салықтық жоспарлаудың маңызы кез келген салық төлеушінің өзінің заңмен рұқсат етілетін қаражаттарын, өз салықтық міндеттемелерін барынша қысқарту үшін амалдар мен тәсілдерді пайдалануға құқылы. Салықтық жоспарлауды салық төлемдерін азайту мақсатында ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметін жоспарлау ретінде анықтауға болады. Ол жеке бағытталған және атаулы сипатты болуы мүмкін, және қожалық ететін субъектілердің кең спектрлі қаржылық-шаруашылық қызметінде қолданылады. Салықтық жоспарлаудың негізгі мақсаттары салық төлемдерін оңтайландыру, нақты салық бойынша немесе салықтар жиынтығы бойынша салық ысырабын азайту, кәсіпорынның айналымды қаражатының көлемін арттыру, және соған нәтиже ретінде ұйымды одан әрі дамыту, оның жұмысының тиімділігі үшін нақты мүмкіндіктерді ұлғайту болып табылады. Ұйымның салықтық міндеттемелерін төмендетудің анағұрлым тиімді тәсілдерін іздеп табу жолымен салықтық қиындықтарды жеңілдету есебінен қаржылық-шаруашылық қызметтің табыстылығын барынша ұлғайту және өндірісті одан әрі тиімді дамыту үшін қосымша мүмкіндіктерге ие болады.
Салықтық жоспарлаудың құрамдас бөліктері (кезеңдері) болып мыналар табылады:

  • басты принциптерді анықтау;
  • проблемаларды талдау және міндеттерді қою;
  • ұйым пайдаланатын негізгі құралдарды анықтау;
  • схеманы құру;
  • қаржылық-шаруашылық қызметті әзірленген схемаға сәйкес жүзеге асыру.