Табиғи монополия және реттелетін нарық субъектілері

«German Management & Consultancy» ЖШС табиғи монополия және реттелетін нарық субъетілері үшін инвестициялық жобаларды әзірлеу барысында кеңес беруден компанияларды сенімгерлік басқаруға дейінгі қызметтердің кең ауқымды спектрін көрсетеді.

Толығырақ

Жаңартылатын және қалпына келтірілетін энергия

Жаңартылатын және қалпына келтірілетін энергия («Жасыл энергия») – адамдық масштаб бойынша сарқылмайтын көздерден алынатын энергия. Осындай энергияны пайдаланудың негізгі қағидаты оны техникалық қолдану үшін қоршаған ортада ұдайы орын алатын үдерістерден алу болып

Толығырақ

divider

Құрметті достар!

18 жыл бойы German Management and Consultancy компаниясы энергетика секторындағы (МРЭК және ЖАРЫҚ қосымша парақтарына сілтемелер), сондай-ақ басқа да экономика салаларындағы кәсіпорындарды тиімді басқарумен айналысып келеді.
Біздің жұмысымыздың стратегиясы осы сәтте бірге қызмет істейтін компанияға байланысты өзгеріп отырады. Біз бір кәсіпорындарда жетекші рөл атқарған болсақ, ай кейбірінде кеңесші ретінде қызмет көрсеттік.
Энергетика және өнеркәсіп бизнесі саласында жинақталған жеткілікті жұмыс тәжірибесі бізге әрбір қызметкеріміздің компанияның кез келген жобасына жоғары кәсібилікпен және бірегей тәсілмен кірісуімен ерекшеленетін, тату әрі үйлесімді ұжымды қалыптастыруға ықпал етті.
Біздің компанияның қайнар көзі толыққанды және сапалы заң қызметтерін ұсынудан бастау алғанын атап өткім келеді. Алайда, біз әрқашан алға ұмтылып, ешқашан бір жерде тоқтап қалған емеспіз, сондықтан да, біз уақыт өте келе компания қызметінің ауқымын біртіңдеп кеңейте бастадық. Осылайша, біздің қызметкерлеріміздің тобы қаржыгерлермен, экономистермен және инженерлермен толықты.
Соңғы уақытта, заң қызметтерінің көлемі German Management and Constultancy негізгі қызметінде азайып, есесіне басқару қызметтері, оның ішінде энергетикадағы жобаларды дамыту бойынша ұсынылатын қызметтердің тізбесінде басымды орын алды.
Уақыт өте келе, біздің ресми атауымыз компанияның қызметіне сипаттама бере алмайтын жағдайға жетті. Осы мәселенің шешімін табу атауымызды түзетуге айқын себеп болды.
Дегенмен, біз бұрынғы атау мен жаңа атаудың арасындағы байланысты сақтап қаламыз деп шештік, оған бірден бір себеп біздің тобымыздың қатары білікті заңгерлерден құралған, және де біз үшін қарапайым шаруашылық қызмет шегінен тыс әртүрлі заң міндеттері әрқашан мүдделі болып қала бермек, және біз оны шешуге әрдайым әзірміз.
Бүгінгі таңда, компаниямыздың ресми атауы - German Management and Consultancy. Біз болашағымызға сенеміз және ынтымақтасуға қашан да дайынбыз.

Құрметпен,
Герман Нұрбаев.

divider

Не жаңалық бар?

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4