Жаңартылатын және қалпына келтірілетін энергия («Жасыл энергия») – адамдық масштаб бойынша сарқылмайтын көздерден

алынатын энергия. Осындай энергияны пайдаланудың негізгі қағидаты оны техникалық қолдану үшін қоршаған ортада ұдайы орын алатын үдерістерден алу болып табылады.
Жаңартылатын энергияны күн сәулесі, жел, жаңбыр, тасқын және геотермалдық жылу сияқты жаңартылатын (яғни, табиғи жолмен толығады) табиғи ресурстардан алады.
«German Management & Consultancy» ЖШС осы бағыттағы жұмысты 2008 жылы бастады.
2012 жылы жинақталған тәжірибе бізге Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің электр энергетикасын орнықты дамыту бойынша, атап айтқанда, әлеуетті тұтынушыларды энергиямен жабдықтаудың баламалы дербес көзі ретінде жаңартылатын энергия көздерін дамытуды мемлекеттік қолдау шараларын әзірлеу бойынша ұсыныстар әзірлеу кезінде ресми кеңесші ретінде шығуға мүмкіндік берді.
Жаңартылатын энергия көздері саласындағы уәкілетті органның функцияларын Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінен Қоршаған орта және су ресурстары министрлігіне берілгеннен кейін біз өз қызметтестігімізді жалғастырдық.
Біздің компания «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Заң шеңберінде ҚР Үкіметінің қаулыларының жобаларын әзірлеуге қатысты, оның ішінде:

  1.  тіркелген тарифтерді айқындау қағидалары;
  2.  жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидалары;
  3.  есеп айырысу-қаржы орталығының электр энергиясын сатып алу/сату үлгілік шарты;
  4.  есеп айырысу-қаржы орталығының электр энергиясын сатып алу/сату қағидалары;
  5.  мониторингілеу қағидалары.

Жобалар шеңберіндегі барлық жұмыстар уәкілетті мемлекеттік органдармен және бірлескен кәсіпкерлермен келісіле отырып жүргізілді.
Қазіргі таңда «German Management & Consultancy» ЖШС Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығының белсенді мүшесі болып танылады (www.renergy.kz).
Дәстүрлі және жаңартылатын энергетикада алған тәжірибе мен жоғары кәсібилік бізге жаңартылатын энергия көздерін жобалауды, салуды және пайдалануды сүйемелдеу бойынша толық жұмыс көлемін орындауға ықпалын тигізеді.