Қазақстанда тарифтер "жасыл" электроэнергию бекітулі

2014 жылдың 27 мамырында Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында жаңартылатын энергия көздері есебінен өндірілетін электр энергиясына тиянақталған тарифтар бекітілді.

25Жел электр станцияларында өндірілген электр энергиясына тариф ҚҚС-ты қоса есептемегенде 1 кВсағ үшін 22,68 теңгені (шамамен 12,5 АҚШ центін) құрады.

Күн электр станциялары үшін тариф ҚҚС-ты қоса есептемегенде 1 кВсағ үшін 34,61 теңгені (шамамен 19 АҚШ центін) құрады.

Шағын су электр станциялары (қуаты 35 МВт дейін) үшін тариф ҚҚС-ты қоса есептемегенде 1 кВтсағ үшін 16,71 теңгені (шамамен 9 АҚШ центін) құрады.

Биогаздық қондырғылар үшін тариф ҚҚС-ты қоса есептемегенде 1 кВтсағ үшін 32,23 теңгені (шамамен 18 АҚШ центін) құрады.

Қабылданға шешімге сәйкес «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС («Кегок» АҚ еншілес ұйымы) «жасыл» электр станциялары өндіретін электр энергиясын бекітілген тиянақталған тарифтар бойынша сатып алуға міндетті.

Дерекнама: Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығы