Бизнес құрылымын оңтайландыру

«German Management & Consultancy» ЖШС озық тәжірибесіне үлгі ретінде еліміздің отын нарығының ірі қатысушыларының

бірі және «Қазақстан Темір жолы» ҰК» АҚ локомотивтік паркі үшін дизель отынын негізгі жеткізуші – «Меркурий сервис компани» ЖШС қайта ұйымдастыру бойынша жұмысты айтуға болады.

Осы жұмыс аясында «Меркурий сервис компани» компаниялар тобының активтері «German Management & Consultancy» ЖШС заңды сүйемелдеуімен «ТЭК «Казахстан» ЖШС болып, біртұтас кәсіпорынға біріктірілді. «German Management & Consultancy» ЖШС сарапшылары өз алдына меншік құқығын актілер мен еңбек келісім-шарттарына қайта рәсімдеу мәселерін қоса алғанда, қайта ұйымдастырумен байланысты заңды тәуекелдерді талдауды, қайта ұйымдастыру жұмыстарының барлық кешенін орындады. Салық салу, монополияға қарсы заңнама мәселелері ашылды, барлық қажетті уәкілетті мемлекеттік органдардағы келісулер орындалды. «Legal Company «German» ЖШС қайта ұйымдастырудың заңды аспектілерінен басқа, біріктірілген компанияның бухгалтерлік және басқару есебін жетілдіру бойынша ұсынымдар пакетін дайындады, атап айтқанда - бірыңғай бухгалтерлік базаны қызметтер мен өнімдердің түрлері, салық органдарымен салыстыру мәселелері бойынша бөлек есептеу, дербес шоттарды жабу арқылы құру.

  •  Қаржылық тәуекелдерге талдау жасалынды, оларды жою бойынша ұсынымдар дайындалды және ұсынылды
  •  қаржылық-шаруашылық қызметтің тиімділігін арттыруға және филиалдардың қаржылық тәртібін жақсартуға бағытталған іс-шаралар тізбесі әзірленді
  •  талап етілетін пайдалылық деңгейі есепке алына отырып қызметтерге арналған тарифтер деңгейін есептеу орындалды.

Компания бизнесін қайта құрылымдау механизмі бойынша ұсынымдарды салықтық, еңбек және монополияға қарсы заңнамаларының талаптарын ескере отырып дайындау және ұсыну. «German Management & Consultancy» ЖШС ұсынымдары «ТЭК «Казахстан» ЖШС шаруашылық-экономикалық көрсеткіштерін едәуір жоғарылатуға және бар тәуекелдерді жоюға мүмкіндік берді.